2020 жылдың 6 ақпан күні Новоселск орта мектебінде өзін-өзі тану пәні онкүндігі аясында Алғыс айту күнінде эстафетаны "Мейірімді істер жинағы" акциясы жалғастырды.
Оқушылар бұл іске үлкен қызығушылық танытып, қуана қатысты. "Махаббатқа толы жүрек" тақырыбында суреттер мен қолдан жасалған бұйымдар конкурсы өтті, онда 1-7 сынып оқушылары өз жұмыстарын ұсынды, содан кейін өзін-өзі тану мұғалімі орта буын оқушыларымен бірге көрме ұйымдастырды. Суреттер мен қолдан жасалған бұйымдарға қарап, оларға автордың жан дүниесі мен мейірім сезімі қондырылғаны байқалады. Ал жоғары сынып оқушылары "Өзін - өзі тану менің өмірімде" және "Рухани-адамгершілік құндылықтар" тақырыбындағы Эссе байқауына қатысты, бұл құндылықтардың барлық адамдарға қажеттілігі туралы өз ойларын білдірді. Сонымен қатар күні бойы үзілістерде балаларға "Мейірімділік әлемді құтқарады" атты роликтер көрсетілді.
Өзін-өзі тану мұғалімі Семеренко М.А.