29 қараша күні «Балдырған-2» шағын орталығында «Біздің Бірінші Президент» атты тақырыптық сабақ өтті.Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті туралы балалардың білімдерін арттыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат беру. Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, туған жердің әдемілігі мен байлығы туралы, тарихқа үңіліп, отанға деген махаббатын арттырып, Отандық рухтарын оятып тәрбие беру, туған жеріне аяныш пен махаббатпен қарауды үйрету.Сабақ қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранымен басталды. Балаларға қонаққа қуыршақ Айсұлу келіп, олар бірге Отанды аралауға шықты: Қазақстанның әртүрлі қалаларына барып, еліміздің көрікті де әдемі жерлерін біліп, мемлекеттік таңбаларды үйреніп, Н.Ә.Назарбаевтің өмірбаянымен таныс болды., тақпақтап айтып, Отан туралы мақал-мәтелдер де айтылды. Сабақты қызықты ойынмен аяқтадық.
Тәрбиеші: Оскирко С.А.